СҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің кезектен тыс отырысы

    СҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің кезектен тыс отырысы

    2026 жылғы 10 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің кезектен тыс отырысы өтті.

    Отырыс барысында білім беру ұйымының қызметіне қатысты азаматтардың өтініштері қаралды. Ұсынылған материалдарды қарау және отырысқа қатысушыларды тыңдау қорытындысы бойынша Кеңес ұсынымдар әзірледі.

    Кеңес педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелерін қарастыратын, білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде құрылатын алқалы орган болып табылатынын еске саламыз.

    Кеңестің негізгі міндеттері: педагогикалық әдептің бұзылу мониторингі, профилактикасы және оның алдын алу; педагогтердің жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарау үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу; педагогикалық әдепті бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды қарау және олардың негізінде білім беру ұйымы мен білім беру бөлімінің басшысына ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.