Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаменті тұрақты негізде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт салаларында еңбекақы төлемдеріне мониторинг жүргізеді. Мониторинг нәтижелері жеке тұлғалардың шоттарына еңбекақы төлеу (жалақы, сыйақы, еңбек демалысына төлемдер, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақылар және өзге де төлемдер) сылтауымен бюджет қаражатының артық аударылу фактілерінің бар екенін көрсетеді.
Мәселен, 2026 жылдың өткен кезеңінде жалпы сомасы 968,6 млн.теңгеге 3 763 жағдай бойынша 281 әрекет ету хаты жіберілді, оның ішінде тәуекелдер 3,5 млн. теңге сомасына расталды.
Барлық сомалар бюджетке өтелді.
Онлайн бюджеттік мониторингті қолдану жалақы төлемдері түрінде негізсіз бюджет қаражатын аудару тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.



