
«Абай облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Байбусунов Дюсембай Ахметұлының жетекшілігімен нашақорлықпен және есірткі құралдарының заңсыз айналымымен күресудің Дүниежүзілік айына орай нашақорлыққа қарсы профилактика, есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл және ведомстволар арасындағы өзара әрекеттестікті күшейту мәселелеріне арналған кеңейтілген мәжіліс өтті.
Оған жастар бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ Астана қаласынан келген арнайы делегация қатысты.
Делегация құрамында Нашақорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарды алдын алу жөніндегі республикалық кеңестің төраға орынбасары Жандос Берікұлы Ақтаев, «Нашақорлықсыз Болашақ» қоғамдық қорының директоры Абылайхан Айдынұлы Сапарбек және «Esirtkisiz QAZAQSTAN» жобасының үйлестірушісі Мейрам Азаматұлы Жұмабаев болды.
Мәжілісті ашқан Абай облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Дюсембай Ахметұлы нашақорлықпен күрес қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.
«Бүгінде нашақорлық – ұлт денсаулығына, жас ұрпақтың болашағына және қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіретін күрделі мәселе. Біздің міндетіміз тек қылмыстарды анықтау мен тоқтату ғана емес, сонымен қатар тиімді профилактикалық жұмыстар жүргізу болып табылады. Ерекше назар жастарға аударылуы тиіс, оларға дұрыс өмірлік құндылықтарды қалыптастырып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды үйрету қажет. Тек құқық қорғау органдары, мемлекеттік құрылымдар, қоғамдық ұйымдар және ата-аналардың күш-жігерін біріктіре отырып, біз бұл қауіпке қарсы нақты нәтижелерге қол жеткізе аламыз», — деді ол.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қамза Тілек 2026 жылдың басынан бері Абай облысы аумағында заңсыз айналымнан 211 келіден астам әртүрлі есірткі заттары мен психотроптық заттар алынғанын хабарлады. Есірткі құралдарының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін 22 адам ұсталған.
Қамза Тілек өз сөзінде, жыл басынан бері өңірде 300-ден астам түрлі профилактикалық іс-шара өткізілгенін атап өтті.
Психологтар мен нарколог дәрігерлер қатысқан тақырыптық дәрістер, сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, жастармен кездесулер, «Балалар – есірткіге қарсы», «Біз өмірді таңдаймыз», «STOP есірткіге» акциялары, сондай-ақ спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылған. Ерекше назарға тәуекел тобындағы жасөспірімдермен жұмыс және ата-аналармен өзара әрекеттестік алынды.
Мәжіліс барысында Нашақорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі республикалық кеңес төрағағының орынбасары Ақтаев Жандос Берікұлы мемлекет пен азаматтық қоғам күштерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара соңында жастар қозғалысы «Соц KZ» белсенділерін марапаттау рәсімі өтті. Олар профилактикалық акцияларды ұйымдастыруға және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға елеулі үлес қосқан. Белсенділерге алғыс хаттар табыс етілді.



