ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ЖЕЛІЛІК ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

    kostanai-bilim·
    ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ЖЕЛІЛІК ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

    ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ЖЕЛІЛІК ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы инклюзивті білім беру тәжірибелерін жүзеге асыратын педагогтердің кәсіби желілік қауымдастығының құрылғанын хабарлайды.

    Аталған бастама педагогтердің кәсіби өзара іс-қимылын дамытуға, тәжірибе алмасуға және инклюзивті білім берудің тиімді тәжірибелерін кеңінен таратуға бағытталған. Желілік қауымдастық білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби байланыстарын нығайтып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау сапасын арттыруға ықпал етуді көздейді.

    Қауымдастық аясында жедел ақпарат алмасу мен әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында Telegram-бот әзірленді. Бот арқылы педагогтер нормативтік-құқықтық актілермен, әдістемелік материалдармен, мамандардың ұсынымдарымен танысып, сондай-ақ инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы үздік тәжірибелермен бөлісе алады.

    Желілік қауымдастық заманауи білім беру кеңістігінде педагогтердің кәсіби нетворкингін (networking) дамытуға, ынтымақтастықты күшейтуге және инновациялық тәжірибелерді енгізуге бағытталған маңызды алаң болып табылады.

    Қостанай облысының білім беру ұйымдары педагогтері қауымдастық жұмысына белсенді қатысуға шақырылады.

    Telegram-бот: https://t.me/Qostanayinkbot

    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.