Полиция қызметкерлері Семей қаласы тұрғынының заңсыз әрекеттерінің жолын кесті.

    mvd-abay·
    Полиция қызметкерлері Семей қаласы тұрғынының заңсыз әрекеттерінің жолын кесті.

    7 маусым күні түнде жеке тұрғын үйдің тұрғындарынан олардың бұрынғы күйеу баласының итті өлімге әкелетін жарақат салғаны туралы полицияға хабар түсті.
    Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мас күйінде болған ер адамды сол жерде ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

    Атыс жасалған тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Көлік айып тұрағына қойылды.
    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар ұсталған азамат алкогольдік мас күйінде көлік құралын басқарғаны, ұсақ бұзақылық жасағаны, сондай-ақ азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Сондай-ақ осы мылтықты сақтау және алып жүруге берілген рұқсатты жою туралы шешім қабылданды.
    Жиналған әкімшілік материалдар соттың процестік шешім қабылдауы үшін жолданды.

    ❗️Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Абай облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

    Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

    Кәсібилік, сабырлылық және үйлесімді іс-қимылдың арқасында құқық бұзушы дер кезінде ұсталып, ықтимал ауыр зардаптардың алдын алынды. Осындай жұмыс азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ең қауіпті әрі жауапты қызметтердің бірі болып қала береді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.