
«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Абай облысы Полиция департаментінде жеке құраммен арнайы кездесу ұйымдастырылып, құқықтық мәдениетті арттыру, қызметтік тәртіпті нығайту және заң талаптарын мүлтіксіз сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Іс-шара барысында қызметкерлерге заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы полицияның жауапкершілігі, сондай-ақ қызметтік әдеп нормалары мен тәртіп талаптарын сақтау қажеттілігі туралы кеңінен айтылды. Қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімі әрбір полиция қызметкерінің кәсібилігіне, адалдығына және заң талаптарын бұлжытпай орындауына тікелей байланысты екені ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар жеке құрамға қызмет барысында заңдылық қағидаттарын берік ұстану, кәсіби этиканы сақтау және халыққа сапалы қызмет көрсету міндеттері жеткізілді.
Бүгінде полиция қызметінің басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамда заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру. Осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, әрбір қызметкердің құқықтық сауаттылығы мен кәсіби жауапкершілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.



