Шымкент қаласы Полиция департаменті Анықтау басқармасымен «Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерін тасымалдау кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу» тақырыбында кеңейтілген жұмыс кездесуі өткізілді.

    mvd-shymkent·

    Іс-шара барысында балаларды ұйымдасқан түрде тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру, қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері талқыланды.

    Жиналысқа прокуратура, білім басқармасы, полиция қызметкерлері, мектепке дейінгі ұйым басшылары, тасымалдаушы ұйым өкілдері мен жүргізушілер қатысты. Қатысушыларға қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша нақты ұсынымдар беріліп, профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді.

    Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз!

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.