Абай облысында атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған ер адамға сот үкімі шықты.

    mvd-abay·
    Абай облысында атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған ер адамға сот үкімі шықты.

    Абай облысының Абай ауданында 2026 жылдың 14 наурыз күні полиция қызметкерлерінің жоспарлы тексеруі барысында заңсыз айналымдағы атыс қаруы мен оқ-дәрілердің жасырын сақтау дерегін анықтады.

    Тексеру нәтижесінде Абай ауданына қарасты қыстақ маңында 52 жастағы азаматтан 5,6 мм калибрлі «ТОЗ-17» маркалы ойық ұңғылы атыс қаруы және 52 дана оқ-дәрі табылып, заң талаптарына сәйкес тәркіленді.

    Аталған қару мен оқ-дәрілердің тиісті рұқсат құжаттарынсыз иемденіліп, сақталып, әрі тасымалданғаны анықталды.
    Аталған дерек бойынша материалдар сотқа жолданып, іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз иемдену, сақтау және алып жүру бабы бойынша қаралды.

    Сот барысында ұсынылған дәлелдемелер жан-жақты зерттеліп, құқықтық баға берілді. Нәтижесінде сот 52 жастағы азаматты қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныды.
    — сотталушыға 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды және 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мәжбүрлі төлем өндіру туралы шешім шығарылды.

    Сот шешіміне сәйкес, тәркіленген атыс қаруы мен оқ-дәрілер жойылуға жатады. Іс бойынша қалған заттай дәлелдемелер заң талаптарына сәйкес сақталады немесе тиісті иесіне қайтарылады.

    2026 жылғы 20 сәуірден бастап Абай облысы Полиция департаменті заңсыз сақталған қару-жарақты ерікті түрде тапсыру акциясын бастады. Азаматтар қаруды полицияға өткізіп, оның жағдайына қарай ақшалай сыйақы ала алады.

    Ерікті түрде тапсырғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

    Абай облысы Полиция департаменті тұрғындарды акцияға белсенді қатысуға шақырады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.