Жеңіске жол спорттан, болашаққа жол дұрыс таңдаудан басталады: Абай облысының полицейлері 300 ге жуық спортшы жиналған алаңда есірткінің зиянын жеткізді

    mvd-abay·
    Жеңіске жол спорттан, болашаққа жол дұрыс таңдаудан басталады: Абай облысының полицейлері 300 ге жуық спортшы жиналған алаңда есірткінің зиянын жеткізді

    Абай облысында өткен «Abay Open» республикалық турнирі тек спорттық жарыс қана емес, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды алаңға айналды. Республиканың 12 облысынан келген 300-ге жуық спортшының басын қосқан айтулы шарада спорт пен қауіпсіз қоғам құндылықтары қатар дәріптелді.

    Турнир аясында жастармен кездескен Абай облысы Полиция департаменті Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Думан Үкіжанов «Біз есірткіге қарсымыз» тақырыбында сөз сөйлеп, өскелең ұрпаққа маңызды үндеу жолдады.

    Өз сөзінде полиция капитаны жастарды заңға құрметпен қарауға, саналы өмір салтын таңдауға және есірткі секілді қоғам дертіне қарсы тұруға шақырды.

    «Бүгінгі таңда есірткімен күрес – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Біз жастардың спортпен шұғылданып, білім алып, өз болашағына сеніммен қарағанын қалаймыз. Спорт адамды тәртіпке, табандылыққа және жауапкершілікке тәрбиелейді. Сондықтан әр жас азамат зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстап, дұрыс таңдау жасауы қажет. Біздің басты мақсатымыз – қауіпсіз қоғам мен есірткісіз болашақ қалыптастыру», – деді Думан Үкіжанов.



    Полиция қызметкері жастарға есірткінің адам денсаулығына, психологиясына және өмірлік жолына тигізетін зардаптары туралы айтып, құқықтық жауапкершілік мәселелеріне де тоқталды.

    Бүгінде Абай облысының полициясы есірткі қылмыстарының алдын алу, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Осындай кездесулердің мақсаты – жас буынға қауіп-қатерді түсіндіріп қана қоймай, олардың бойында жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

    «Abay Open» турнирі аясындағы бұл кездесу полиция мен жастар арасындағы ашық диалогтың жарқын үлгісіне айналды. Спорт алаңында басталған бұл әңгіме жастарға маңызды ой салып, есірткісіз қоғам құру – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін тағы бір мәрте еске салды.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.