«Жолдағы балалар» ЖПІШ: Абай облысында 16 жасқа толмай мопед басқарған 3 жасөспірім анықталды.

    mvd-abay·
    «Жолдағы балалар» ЖПІШ: Абай облысында 16 жасқа толмай мопед басқарған 3 жасөспірім анықталды.

    Абай облысында балалардың жолдағы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ауқымды «Жолдағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды. Негізгі мақсат – кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың алдын алу, балалар мен олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын көтеру және жалпы жол қауіпсіздігі мәдениетін нығайту.

    👮‍♂️Іс-шара кезінде ішкі істер органдары қызметкерлері тексеру, түсіндіру және бақылау бағытында кешенді жұмыстар жүргізді. Арнайы назар жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына аударылып, жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі мен қауіпсіздік талаптары жан-жақты түсіндірілді.

    Әсіресе кәмелетке толмағандардың мопед басқару фактілері бақылауға алынды. Нәтижесінде, 16 жасқа толмаған 3 бала мопедті заңсыз басқарғаны анықталды.
    Бұл ретте жауапкершілік баланың ата-анасына немесе заңды өкіліне жүктеледі.

    🔹Сонымен қатар, Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу бойынша 68 дерек тіркелсе,

    🔹Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша 90 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Барлық фактілер бойынша құқық бұзушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

    🚨Шара барысында заң талаптарын бұзған 24 автокөлік арнайы мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды.

    «Жолдағы балалар» іс-шарасы – тек бақылау емес, балалар мен ата-аналардың жолдағы қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.