
Әлеуметтік желілерде көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде ер адамның пәтерге кірмек болып, сол жерде тұратын әйелге балағат сөздер айтқан видеосы тарады.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол – 39 жастағы Семей қаласының тұрғыны.
Ер адамның айтуынша, оқиға кезінде ол мас күйде болған және қателесіп пәтерлерді шатастырып алған.
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Абай облысы Полиция департаменті азаматтарға қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын сақтауды, айналасындағылардың құқықтары мен тыныштығын құрметтеуді, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттерге жол бермеуді ескертеді.



