Есірткіге қарсы спорттық майдан: Балқаш жастары салауатты өмір салтын таңдауда

    mvd-karaganda·
    Есірткіге қарсы спорттық майдан: Балқаш жастары салауатты өмір салтын таңдауда

    Қарағанды облысының Балқаш қаласында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес айлығы мен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің ұйымдастыруымен студент жастар арасында спорттық жарыс өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және дене шынықтыру мен спорттың маңызын арттыру болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорт – жас ұрпақты теріс әрекеттерден қорғап, дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыратын ең тиімді құралдардың бірі. Жарыстың негізгі бөлігі волейбол турниріне арналды. Аталған додаға Балқаш технология және сервис колледжінің, А.Мусин атындағы гуманитарлық-техникалық колледждің, жоғары медициналық колледждің және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Политехникалық колледжінің студенттері қатысты. Турнир барысында командалар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Әрбір ойын тартысқа толы өтіп, қатысушылар мен жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлады. Жарыс қорытындысы бойынша А.Мусин атындағы гуманитарлық-техникалық колледж командасы үздік нәтиже көрсетіп, І орынды иеленді. Жеңімпаздарға кубок, медальдар және портативті караоке жүйесі табысталды. ІІ орынды жоғары медициналық колледж командасы жеңіп алып, кубок, медальдар және музыкалық колонкамен марапатталды. Ал ІІІ орын «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Политехникалық колледжінің студенттеріне бұйырып, олар кубок, медальдар және заманауи планшетке (iPad) ие болды. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық санасын арттырып қана қоймай, олардың салауатты өмір салтына деген жауапкершілігін күшейтіп, спорттың нашақорлықтың алдын алудағы маңызды рөлін тағы бір мәрте айқындай түсті.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.