
2026 жылғы 11 маусымда Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында Приозерск қаласы әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі - Ұлан Алмасұлы Алмастың төрағалығымен «Кадрлық процесстердің ашықтығы адам ресурстарын парасатты басқарудың шарты ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты: «Адал азамат», «Заң және тәртіп» және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдардағы қызметтік және еңбек қызметінің барлық кезеңдерінде кадрлық процестердің рөлін, әдеп стандарттарын, мүдделер қақтығысының алдын алуды және парасаттылық мәдениетін қалыптастыруды талқылау болып табылады.
Іс-шара барысында келесі мәселелер қозғалды:
- еңбек тәртібін сақтау, мемлекеттік органның тиімді жұмыс істеуінің негізі;
- жұмыс уақыты режимін қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі (ҚББЖ) арқылы тіркеу, қызметкерлердің құқықтарын қорғаудың және міндеттердің тиімді бөлінуін бақылаудың құралы;
- сырт келбет пен іскерлік киім стилі - мемлекеттік орган беделінің көрнекі жалғасы;
- мемлекеттік қызметшілер арасындағы лудоманияның алдын алу мен заңнамалық шектеулер;
- әкімшілік құқық бұзушылықтар және олардың қызметшінің жеке рейтингіне әсері.
Шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, талқылау қорытындысы бойынша төраға тарапынан тиісті тапсырмалар берілді.
Іс-шара барысында қызығушылық тудырған сұрақтар талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.



