Көліктегі ПД бастығы LRT нысандарындағы полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесті

    Көліктегі ПД бастығы LRT нысандарындағы полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесті

    Көліктегі полиция департаментінің бастығы Абзал Жұматаев LRT нысандарындағы полиция бөлімінің қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.

    Іс-шара барысында жеке құрамға нұсқама беріліп, жеңіл рельсті көлік нысандарында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған басым міндеттер айқындалды. Ол бүгінгі таңда LRT нысандары елордамыздың көрікті орындарының біріне айналып, еліміздің азаматтарымен қатар шетелдік қонақтардың да ерекше назарын аударып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолаушылар үшін қауіпсіз жағдай жасау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

    — LRT нысандары — қоғам назарындағы маңызды нысандардың бірі әрі Астананың көлік инфрақұрылымының ажырамас бөлігі. Полиция қызметкерлерінің кәсібилігіне, қырағылығы мен жауапкершілігіне бүкіл жүйенің беделі және халықтың ішкі істер органдарына деген сенімі тікелей байланысты. Біздің міндетіміз – құқықтық тәртіптің жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, кез келген жағдайға жедел әрекет ету, – деп атап өтті А.Жұматаев.

    Кездесу барысында сондай-ақ LRT нысандарындағы қызметті ұйымдастырудың өзекті мәселелері қаралды. Ашық диалог форматында қызметкерлер қызметтік жұмысты жетілдіруге қатысты ұсыныстарын айтып, орын алып отырған өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.

    Кездесу қорытындысы бойынша бас көлік полицейі анықталған кемшіліктерге тоқталып, аталған бөлім басшыларына қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз ету және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бойынша нақты міндеттер жүктеді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.