«Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жауы» тақырыбындағы талқылау сағаты

    zhetysu-alakol-kabanbai·
    «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жауы» тақырыбындағы талқылау сағаты

    Қабанбай ауылдық мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жауы» атты талқылау сағаты өткізілді.

    Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы түсінік қалыптастыру, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және адалдық пен әділдік қағидаларын насихаттау.

    Талқылау барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың түрлері, оның қоғам дамуына кері әсері және онымен күресудің маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ заң талаптарын сақтау, адал еңбек ету және азаматтық жауапкершілік мәселелері сөз болды.

    Шара соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтіп, адалдық пен әділдік қағидаларын ұстанудың маңыздылығына тоқталды.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.