
Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ облыстық филиалының қызметкерлері мен басшылығына арналған профилактикалық кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты азаматтарды қаржылық алаяқтықтан қорғау, қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық қауіпсіздігін арттыру болды.
Кездесу барысында қаржы пирамидаларының қызмет ету механизмдері, дропперлік схемалардың ерекшеліктері, интернет-алаяқтықтың жаңа түрлері және олардың азаматтар мен бизнеске төндіретін қауіптері жан-жақты түсіндірілді.
Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері заңсыз қаржылық операцияларға тартылудың салдары мен жауапкершілігі туралы айтып, қаржылық қауіпсіздік қағидаларын сақтау жөнінде нақты ұсыныстар берді.
Сонымен қатар, «Заң және тәртіп» жобасын жүзеге асыру аясында қаржылық сауаттылықты кәсіпкерлер мен бизнес қауымдастығы арасында кеңінен насихаттау мәселелері талқыланды.



