
Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің медиа саласы қызметкерлері оқу орнының түлектері арасынан мемлекеттік қызметте табысты еңбек етіп жүрген мамандар туралы түсірілім ұйымдастырды. Түсірілім барысында Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметі таныстырылып, арнайы өрт сөндіру техникасы, құтқару құрал-жабдықтары мен құтқарушылардың күнделікті жұмысы көрсетілді. Сондай-ақ университет түлегі, Жамбыл облысы ТЖД бас маман-психологы Назира Ақыловамен сұхбат жүргізілді. Кадрға қазіргі таңда тәжірибеден өтіп жатқан студенттер де қамтылып, олардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығы көрсетілді.
Жамбыл облысы ТЖД



