5 маусым- эколог күніне орай сенбілік

    aqmola-birzhan-sal-stepnyak·
    5 маусым- эколог күніне орай сенбілік

    5 маусым – табиғатты қорғау мәселелеріне назар аударуға үндейтін маңызды күн.

    Бүгінде қоршаған ортаның тазалығы, табиғи ресурстарды сақтау және экологиялық жауапкершілік әрбір азаматтың өмір салтына айналуы тиіс. Табиғатқа ұқыпты қарау арқылы біз келер ұрпаққа таза әрі көркем өлке қалдырамыз.

    Осы маңызды күн аясында және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде Степняк қаласында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке барлық мекеме мен ұйымдардың қызметкерлері белсенді қатысып, қала аумағын тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

    Атап айтқанда, Біржан сал және Наурызбай батыр көшелерінде шөп шабу жұмыстары атқарылды.

    Табиғатты аялау – бұл тек бір күндік іс-шара емес, ол – баршамыздың ортақ міндетіміз. Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі. #ТазаҚазақстан #экологкүні #өзіңненбаста

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.