
Ұ.Сыздықбаев ауылында игі бастама жүзеге асты. Сарысу орта мектебінің 20 жылдық түлектері туған жерге тағзым ретінде ауылға “Жастар аллеясын” тарту етті. 
Аллеяның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Жұмат Жұмабекұлы, тыл ардагері, ардагер ұстаз Жұмашбек Әділбеков, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты. Қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, жаңа аллеяның лентасын қию рәсімі өткізілді.
Бұл — туған ауылға деген шынайы жанашырлықтың, елге деген құрметтің айқын көрінісі.
Жаңа аллея ауылымыздың ажарын ашып, жастарға рухани тәрбие мен өнеге беретін орынға айналсын! Осындай сауапты іске ұйытқы болған түлектерге ауыл халқының алғысы шексіз.
“Жастар аллеясы” құтты болсын!



