Өмірге қауіп төндіретін сыйлық: Ертіс ауданында полиция мотоцикл жүргізген жасөспірімді тоқтатты

    mvd-pavlodar·
    Өмірге қауіп төндіретін сыйлық: Ертіс ауданында полиция мотоцикл жүргізген жасөспірімді тоқтатты

    Полиция қызметкерлері дабыл қағып, ата-аналарды электросамокаттар мен мотокөлік құралдарын басқаратын кәмелетке толмағандарға бақылауды күшейтуге шақырады.

    Кезекті қауіпті құқық бұзушылық Ертіс ауылында анықталды. Патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірлері жоқ «Sonlink» маркалы мотоциклді тоқтатты. Тексеру барысында көлік тізгінінде 15 жастағы жасөспірім отырғаны белгілі болды.

    Кәмелетке толмаған жүргізушінің заңды өкіліне қатысты баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Айта кетейік, жыл басынан бері ауданда осындай құқық бұзушылықтарға жол берген төрт ата-анаға ресми ескерту жасалған.

    – Балаларға электроскутерлер, мопедтер, мотоциклдер және қуаты жоғары жеке мобильділік құралдарын сатып аларда жауапкершілікті ұмытпау қажет. Жүргізуші куәлігі мен басқару дағдылары жоқ жасөспірімдердің жалпыға ортақ жолдарға шығуы ауыр жол-көлік оқиғаларына және баланың өзіне де, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да ауыр зардаптар әкелуі мүмкін, – деді Ертіс ауданы полиция бөлімінің бастығы Төлеген Алпысбаев.

    Полиция еске салады: балалардың қауіпсіздігі – ересектердің басты міндеті. Жасөспірімдердің мотоциклдер мен электркөліктерді басқаруына жол бермеңіздер. Бір сәттік ермек баланың өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.