ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРІНЕ ЖАҢА ҮЙДІҢ КІЛТІ ТАПСЫРЫЛДЫ

    zhambyl-sarysu-zhanaaryk·
    ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРІНЕ ЖАҢА ҮЙДІҢ КІЛТІ ТАПСЫРЫЛДЫ
    ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ, КОМПОЗИТОР ІЛИЯ ЖАҚАНОВТЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АЯСЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
    Ақтоғай ауылында ерекше қуанышқа толы тағылымды шара өтті. Қазақ руханиятының көрнекті өкілі, Қазақстанның Еңбек Ері, композитор Ілия Жақанов арналған шығармашылық үйі салтанатты түрде ашылды.
    Мерекелік іс-шараға аудан басшылығы, ҚР Мәжіліс депутаттары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты.
    Шара барысында ҚР Мәжіліс депутаты, «Илья Жақанов» қорының президенті Ерболат Саурықов игі бастаманың жүзеге асуына қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіріп, арнайы марапаттар табыстады.
    Бұл тағылымды бастама – ұлт руханиятына көрсетілген зор құрмет пен кейінгі ұрпаққа қалдырылған құнды мұра.
    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.