
Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңнамалық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Тоғызкент ауылдық округі әкімі аппаратында құқықтық кабинет жұмыс істейді.
Құқықтық кабинет тұрғындарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен танысуға, нормативтік-құқықтық актілерді іздеуге және құқықтық ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Кабинетте интернет желісіне қосылған компьютерлер орнатылып, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі арқылы қажетті құжаттарды қарауға жағдай жасалған.
Құқықтық кабинеттің басты міндеті – тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету және заңнамалық ақпараттардың қолжетімділігін арттыру. Мұнда азаматтар мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, жер қатынастары, әлеуметтік қамтамасыз ету, кәсіпкерлік және өзге де салалар бойынша заңнамалық құжаттармен өз бетінше таныса алады.
Құқықтық кабинет барлық тұрғындар үшін ашық. Кабинеттің жұмыс уақыты дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Құқықтық кабинет Тоғызкент ауылы, Жамбыл көшесі, 20 мекенжайында орналасқан.
Тоғызкент ауылдық округі әкімі аппараты тұрғындарды құқықтық кабинет мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға шақырады.



