Екібастұз қаласы әкімінің шағынаудандар тұрғындарымен кездесуінде қала Полиция басқармасының бастығы Төлеген Құдайбергенов интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    mvd-pavlodar·
    Екібастұз қаласы әкімінің шағынаудандар тұрғындарымен кездесуінде қала Полиция басқармасының бастығы Төлеген Құдайбергенов интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Ол алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері туралы айтып, олардың банк қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің атынан хабарласатынын атап өтті. Сондай-ақ азаматтардың банк шоттарына заңсыз қол жеткізу арқылы ақшалай қаражатты ұрлау жағдайларына ерекше назар аударды.

    Төлеген Құдайбергенов тұрғындарды қырағы болуға шақырып, бөгде адамдарға растау кодтарын, банк карталарының деректерін, құпиясөздерді және басқа да жеке мәліметтерді бермеу керектігін ескертті. Сонымен қатар банк қызметкерлері мен мемлекеттік органдар өкілдері мұндай ақпаратты телефон арқылы ешқашан сұрамайтынын айтты.

    Кездесу соңында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, интернет-алаяқтардан қорғану жолдары бойынша қажетті кеңестер алды.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.