
2026 жылғы 10 маусым күні Көктерек ауылдық округінде «Таза аула – қауіпсіз мекен» атты тазалық акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында ауыл көшелерінің бойы тазартылып, бей-берекет жатқан қоқыстар жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және ауыл аумағын абаттандыру.
Тазалық акциясына ауыл тұрғындары қатысып, ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосты.
Таза ауыл – әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.



