
Көктерек ауылдық округі бойынша 40 жасқа толмаған әскери міндетті азаматтарды сарбаздардың оқу-жаттығу әскери жиынына жіберу мақсатында тиісті ұйымдастыру жұмыстары атқарылды.
Осы бағытта мекеме басшыларымен және әскери міндетті азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқу-жаттығу жиынының мақсаты мен маңыздылығы, қатысу тәртібі және қолданыстағы заңнама талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сондай-ақ, әскери жиынға қатысушылардың тізімдерін нақтылау, құжаттарын реттеу және белгіленген мерзімде жіберу бойынша қажетті жұмыстар жүзеге асырылды.
Оқу-жаттығу әскери жиыны әскери міндеттілердің жауынгерлік даярлығын жетілдіруге, әскери білімдері мен дағдыларын жаңғыртуға және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара болып табылады.



