«Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» КММ-де Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы 22 маусым – 22 шілде аралықта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Ішкі талдаудың мақсаты-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау.
Қоғамдық кеңес мүшелері ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамына қатыса алады.
Қосымша ақпарат алу үшін басқарманың бас маманы Есенкулова Балнур Алибековнаға 8(7132) -74-75-33 телефоны арқылы хабарласуға болады.



