2026 жылғы 11 маусымда № 2 МӘС бөлімінің базасында «Қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы» ЖШС-нің дәрігерлеріне медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мәселелері бойынша оқыту өткізілді. Сонда-ақ медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау кезінде жалған медициналық құжаттарды ұсыну фактілерін анықтау және олардың алдын алу мәселелері қарастырылды.



