
2026 жылғы 09 маусымда Павлодар стансасында Павлодар бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында 12 перрондық су тарату колонкасынан су сынамалары алынды. Іс-шараның мақсаты – уланулардың, инфекциялық, паразиттік және жұқпалы емес аурулардың алдын алу. Сонымен қатар «Вагонсервис» АҚ қызметкерлері арасында аса қауіпті инфекциялар, қызылша, жіті ішек инфекциялары және тағамнан уланудың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Вакцинацияның маңыздылығы және инфекциялардан қорғану шаралары түсіндірілді.



