Талас аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтуі жөніндегі хабарлама

    maslihat-talas·
    Талас аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтуі жөніндегі хабарлама

    Талас аудандық мәслихатының аппараты, аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ІІ тоқсанда қаралатын мәселелері бойынша ағымдағы жылдың 18 маусымы күні сағат 09.00 де тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы және сағат 11.00 кезекті сессия өтетіндігін хабарлайды.

    Күн тәртібі:

    1. Қылмыстың алдын алу шаралары, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және учаскелік полиция инспекторларының жұмысы туралы;

    Баяндамашы: Б.Абдрахманов Талас аудандық полиция бөлімінің бастығы

    Хабарламашы: Д.Төлендіұлы аудан әкімінің орынбасары

    1. Аудандағы санитарлық тазалық, көріктендіру - көгеріштендіру жұмыстары және күл қоқыс алаңдарының жағдайы туралы;

    Баяндамашы: Д.Назарбеков аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

    1. Әр түрлі мәселелер:

    - Талас аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы «Талас аудандық округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы» №39-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    - Талас аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы» №13-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.