Су айдындарында қосымша 200 жылжымалы құтқару бекеті салынды

    kostanai-kostanai-ulyanov·
    Су айдындарында қосымша 200 жылжымалы құтқару бекеті салынды
    Еліміздің су айдындарындағы тәуекелдердің алдын алу және профилактика мәселелері ТЖМ-нің ерекше бақылауында. Мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтың жаппай демалу орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су айдындарында жаппай демалуға арналған 733 рұқсат етілген орын айқындалды. Оның ішінде 257 коммуналдық және 433 жекеменшік жағажай, спорт пен туризмге арналған 19 орын, сондай-ақ өзге мақсаттағы 24 орын бар. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Әсет Жылқайдаров ОКҚ алаңында хабарлады.
    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.