Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы Семей қаласындағы объектілерге жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарады

    revkomabay·
    Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы Семей қаласындағы объектілерге жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарады

    2026 жылғы 10 маусымда қалалық мәслихат депутаттары мен Семей қаласының мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің қатысуымен Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
    Отырыс барысында Семей қаласының жекелеген объектілерінің бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін жоспарлау тиімділігіне, пайдалануына, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің өңір экономикасына ықпалына мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.
    Жүргізілген аудит бюджеттік процесті жетілдіру және қаржылық тәртіпті жақсарту шеңберінде аудит объектілері қабылдайтын шаралардың тиімділігінің жеткіліксіздігін анықтады. Қамтылған қаражаттың жалпы сомасынан 72,9 млрд. теңге, жалпы сомасы 30,4 млрд. теңгеге Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу анықталды.
    Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне тиісті ұсынымдар беріліп, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау үшін нұсқамалар жіберілді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.