СҚО жазғы маусымға дайын

    emer-sko·
    СҚО жазғы маусымға дайын

    Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар алаңында жазғы туристік маусым мен су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған брифинг өтті. Онда жауапты сала мамандары тұрғындар мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

    Солтүстік Қазақстан облысында 60-қа жуық өзен, 2 мыңнан астам көл және жүз қазаншұңқыр бар. Су айдындарында 13 көл мен Есіл өзенінің бойында орналасқан 61 демалыс орны белгіленді. Өткен жылы өңірде суда адам өлімі тіркелмеген. Қауіпсіздікті күшейту үшін өңірде жаңа құтқару станциялары іске қосылып, Есіл өзенінде дрондардың көмегімен патрульдеу жүргізілуде. Сондай-ақ жаз мезгілінде қауіпті учаскелерде қосымша мобильді бекеттер қойылып, тұрғындарға SMS-хабарламалар мен профилактикалық бейнероликтер арқылы ескерту жасалады.

    ДӘУРЕН ТАУБАЕВ – ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

    Брифинг барысында өңірдің туристік әлеуеті мен жазғы маусымға дайындығы да сөз болды. Былтыр Солтүстік Қазақстан облысына 165 мың турист келіп, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда шамамен 15 пайызға артқан. Өңірдің басты туристік бағыты саналатын Шалқар – Имантау курорттық аймағында бүгінде 48 демалыс базасы жұмыс істейді. Мұнда жолдар жөнделіп, байланыс пен интернет сапасын жақсарту жұмыстары жүргізілуде.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.