
Арал қаласында бокстан 2012–2013 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, белгілі банкир Жалдбай Бақзалбайұлы Нұрпейісовті еске алуға арналған республикалық ашық турнир өтті.
Аталған жарыста «Батыр боламын» қоғамдық қорының қолдауымен жасақталған спорт залында жаттығатын, жаттықтырушысы Рүстем Асылханның шәкірті Әлмағанбет Дінмұхаммед 52 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, ІІІ орын иеленді.
Жас спортшыны жүлделі жетістігімен құттықтай отырып, жаттықтырушысы Рүстем Асылханға және спортшының ата-анасына алғысымызды білдіреміз. Алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен жеңісті күндер көп болсын!
Аманкелді а/о әкімдігі



