Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мәселелері бойынша әуежай медицина қызметкерлеріне оқыту семинары өткізілді

    departament-kkbtu-na-transporte·
    Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мәселелері бойынша әуежай медицина қызметкерлеріне оқыту семинары өткізілді

    2026 жылғы 10 маусымда Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары әуежайдың медициналық пункті қызметкерлеріне «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының клиникасы және алдын алу шаралары» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында қатысушыларға инфекцияның берілу жолдары, аурудың негізгі клиникалық белгілері және оның алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Медицина қызметкерлеріне рейс барысында аса қауіпті инфекцияға күдікті науқас анықталған жағдайда қызметтердің іс-қимыл алгоритмдері түсіндірілді. Іс-шара аясында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасып, практикалық ұсынымдар алды. Өткізілген семинар жұқпалы аурулардың алдын алу саласындағы білім деңгейін арттыруға және практикалық дағдыларды жетілдіруге ықпал етті.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.