
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қарағанды облысының санэпидбақылау департаментінің ұжымы - Шахайда Марита Дильдебаевнаны құттықтайды!
Шахайда Марита 1959 жылдың 17-ші қыркүйегінде Воркута қаласы, Заполярный поселкесінде дүниеге келген. 1983 жылы Қарағанды медициналық институтын бітіргеннен кейін, Қаражал қалалық санэпидстанциясында эпидемиолог дәрігер лауазымында қызмет жолын бастап, бөлім басшысы лауазымын атқарған. 2010 жылы қызмет қажеттілігіне байланысты, Қарқаралы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық бөлім басшысы лауазымына жолдану арқылы ауысқан. Жалпы еңбек өтілімі 34 жыл.
Қазіргі уақытта Қарқаралы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында штаттан тыс қызметкер ретінде еңбек етуде.
Құрметті Марита Дильдебаевна, осы мереке қарсаңында Сізге, сарқылмас қуат пен зор денсаулық тілейміз. Сіздің өміріңіз қуанышты сәттер мен жарқын әсерлерге толы болсын! Көңіліңіз қартаймасын, құт-береке ешқашан ортаймасын. Мереке құтты болсын!



