Сіреспенің алдын алу

    departament-kkbtu-pavlodar·
    Сіреспенің алдын алу

    Сіреспенің алдын алу

    Сіреспе — жүйке жүйесін зақымдайтын және ауыр асқынуларға әкеп соқтыруы мүмкін инфекциялық ауру. Аурудың қоздырғышы — Clostridium tetani бактериясы, оның споралары топырақта, шаң-тозаңда және түрлі беткейлерде кеңінен таралған.

    Жұқпа бактерия спораларының зақымдалған тері арқылы: тіліктер, жаралар, сырылулар, күйіктер, жануарлардың тістеуі және басқа да жарақаттар арқылы организмге түсуінен пайда болады.

    Сіреспенің алдын алудың негізгі шаралары

    Сіреспеден қорғанудың ең тиімді әрі сенімді жолы — вакцинация. Қазақстан Республикасында иммундау Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жоспарлы түрде жүргізіледі:

    • Балалар мен жасөспірімдер: вакцина 2, 3, 4 айлық жаста енгізіледі, кейіннен 18 айлықта, сондай-ақ 6 және 16 жаста ревакцинация жасалады.
    • Ересектер: тұрақты иммунитетті сақтау үшін өмір бойы әр 10 жыл сайын ревакцинациядан өтіп тұру қажет.

    Жараны дұрыс өңдеу

    Терінің кез келген зақымдануын уақтылы таза сумен жуып, антисептикалық құралдармен өңдеу керек және қажет болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажет.

    Жарақат алған кезде дәрігерге қаралу

    Терең, ластанған жаралар, жануарлардың тістеуі, күйіктер немесе үсу жағдайларында тез арада медициналық ұйымға хабарласу қажет. Дәрігер сіреспенің шұғыл алдын алу қажеттілігін анықтайды.

    Қауіпсіздік шараларын сақтау

    Саяжай учаскелерінде, бақшада, құрылыста және жарақат алу қаупі бар басқа да жұмыстарды орындау кезінде қорғаныс қолғаптары мен арнайы аяқ киімді пайдалану ұсынылады.

    Есіңізде болсын: сіреспені емдегеннен көрі, оның алдын алған әлдеқайда оңай. Уақтылы вакцинациялау және жараны дұрыс күту денсаулықты қорғауға және аурудың дамуын болдырмауға көмектеседі.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.