Махамбет аудандық мәслихатының кезектен тыс 45-сессиясына шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 10, 19 баптарына сәйкес аудандық мәслихаттың төрағасы мәслихаттың кезектен тыс 45-сессиясын 2026 жылдың 15 маусым күні сағат 10:00-де аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залына шақыру туралы шешім қабылдады.
45-сессиясытөмендегідей күн тәртібімен шақырылады:
- «Махамбет ауданы бойынша округтік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 16 қаңтардағы №197 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Арыстангалиева Фируза Жетписбаевна - аудандық мәслихат аппаратының басшысы
- «Махамбет аудандық учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №94 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Арыстангалиева Фируза Жетписбаевна - аудандық мәслихат аппаратының басшысы
- Махамбет ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы
Хабарламашы: Мұқанғалиев Алшынбек Жандарбекұлы - аудан әкімі аппаратының басшысы



