
Медицина қызметкері күні қарсаңында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері, халық денсаулығын қорғау ісіне елеулі үлес қосқан Сембаев Серік Байдүйсенұлына зор құрмет пен алғысымызды білдіреміз.
Серік Байдүйсенұлы 1954 жылғы 10 қарашада Ульянов ауданының Ульяновский кентінде дүниеге келген. 1982 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын санитариялық дәрігер-эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын санитариялық-эпидемиологиялық қызметте жалғастырды.
1988 жылдан 2018 жылға дейін Ульянов, кейіннен Бұқар жырау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық қызметін басқарып, бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қызметін атқарды. 35 жылдан астам еңбек жолында өзін білікті маман, тәжірибелі ұйымдастырушы және жауапты басшы ретінде көрсетті.
Көпжылдық адал еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Қарағанды облысының санитариялық қызметіне 50 жыл» төсбелгілерімен марапатталған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің "Алғыс хаты" мен Бұқар жырау ауданы әкімінің "Құрмет грамотасына" ие болған.
Кәсіби мереке қарсаңында Серік Байдүйсенұлына зор денсаулық, отбасылық амандық, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тілейміз!



