Цифрлық сервистерді жетілдіру және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру

    zhetysu-karatal·
    Цифрлық сервистерді жетілдіру және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру

    Aleumet әлеуметтік қызметтер порталында техникалық оңалту құралдарын алушыларға арналған онлайн-сауалнама іске қосылды. Сауалнама мүгедектігі бар адамдардан техникалық оңалту құралдарының құны, қосымша төлем мөлшері және оларды Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алу қолайлылығы мәселелері бойынша кері байланыс алуға бағытталған. Сауалнама нәтижелері ағымдағы жағдайды талдау және мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
    Сонымен қатар, Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау порталында (inva.gov.kz) әлеуметтік, көлік және өзге де инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін бағалауға арналған онлайн-сауалнама (өзін-өзі бағалау құралы) іске асырылды. Аталған құрал объект иелері мен өкілдеріне өз объектісінің мүгедектігі бар адамдар мен халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік деңгейін өз бетінше бағалауға мүмкіндік береді. Сауалнаманы аяқтау нәтижесінде объектінің қолжетімділігін арттыру және анықталған кедергілерді жою жөніндегі ұсынымдарды қамтитын есеп автоматты түрде қалыптастырылады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.