Халық денсаулығына атмосфералық ауаның ластануының әсері мәселелері бойынша семинар өткізілді

    departament-kkbtu-na-transporte·
    Халық денсаулығына атмосфералық ауаның ластануының әсері мәселелері бойынша семинар өткізілді

    Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2026 жылға арналған негізгі ұйымдастыру іс-шаралары жоспарының 19-тармағын орындау мақсатында 2026 жылғы 5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Қызылорда» филиалының қызметкерлері арасында «Атмосфералық ауаның ластануының халық денсаулығына әсерін бағалау» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – атмосфералық ауаның ластануының халық денсаулығына әсері туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру және ластанған ауаны жұтумен байланысты аурулардың алдын алу. Семинар барысында атмосфералық ауаның ластануының негізгі себептері, оның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға тигізетін зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атмосфералық ауаның ластануы – ауа құрамына денсаулыққа және қоршаған ортаға теріс әсер ететін зиянды газдардың, түтіннің, шаң-тозаңның және басқа да ластаушы заттардың түсуі. Бұл экологиялық мәселе табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен туындайды. Қатысушыларға атмосфераны ластаушы негізгі заттар, атап айтқанда күкірт диоксиді (SO₂), азот оксидтері (NO₂), көміртек оксиді (CO), хлор, формальдегид және шаң-тозаң туралы ақпарат берілді. Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.