Алға қаласында «Бірлік пен қолдау орталығы» атты ашық есік күні өтті.

    aktobe-alga·
    Алға қаласында «Бірлік пен қолдау орталығы» атты ашық есік күні өтті.

    Ағымдағы жылдың 9 маусымында Алға қаласындағы «Жадыра» отбасын қолдау орталығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен «Бірлік пен қолдау орталығы» ашық есік күні өтті.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – аудан тұрғындарын Отбасын қолдау орталығының қызметімен таныстыру, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға психологиялық қолдау көрсету, отбасылық жанжалдардың алдын алу, халықтың сенімін арттыру, сондай-ақ әйелдерге мемлекет тарапынан көрсетілетін құқықтық және әлеуметтік қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат беру.

    Ашық есік күніне Ақтөбе облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері мен «Отбасы банк» АҚ өкілдері қатысып, тұрғындармен пікір алмасып, олардың сауалдарына жауап берді.

    Сонымен қатар, шара аясында аудандық кәсіби медиаторлар, заңгерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, мотивациялық спикерлер, «АМАНАТ» партиясының Әйелдер қанаты, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен әйелдерді қолдау қорлары азаматтарды жеке қабылдап, қажетті кеңестер берді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.