Аққулы аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешім жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасының қабылдаудың нақты мақсаты Аққулы аудандық мәслихатының актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру.
Шешім жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15831135 «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімінде 2026 жылғы 21 мамырдан 11 маусымға дейін орналастырылған.



