
Жаңаөзен қаласында көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін, сондай-ақ олардың еңбек қызметінің заңдылығын тексерді. Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзудың бірқатар деректері анықталды.
Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 41 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар сот шешімімен Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған 7 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды.
Полиция қызметкерлері шетел азаматтары мен жұмыс берушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
Тәртіп сақшылары көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңдылықты қамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
https://www.instagram.com/reel/DZZYzzkM8QL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==



