
2026 жылғы 8 маусым күні Жаңаарқа ауданына қарасты Ақбастау және РЗД-189 елді мекендерінде ауыз су жүйесінің ашылу салтанаты өтті. Аталған жобаны жүзеге асыру мақсатында жалпы сомасы 451 млн 948 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп, елді мекендерге сапалы ауыз су тартылды. Құрылыс жұмыстарын “Жаңаарқа 2006” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.
Салтанатты іс-шараға Жаңаарқа ауданының әкімі Қожықаев Қ.Ш., аудан әкімінің орынбасары Ибраев М.Е., Жаңаарқа ауданы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Жұмақұл Е.М., Жаңаарқа ауданы прокурорының орынбасары Малтиков Ж.С., сондай-ақ Ералиев ауылдық округінің әкімі Мамбетов Е.Ш. қатысып, жоба маңыздылығын атап өтіп, тұрғындарды құттықтады. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары мен мердігер ұйымның өкілдері де шараға қатысып, ортақ қуанышқа куә болды.
Ашылу салтанаты аясында, нысанның ресми түрде іске қосылғаны жарияланды. Жиын барысында жауапты тұлғалар елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.



