
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен жасөспірімдерге арналған жаңа деректі драманы көпшілік назарына ұсынды.
Фильмнің негізгі мақсаты – ата-аналарға балалардың мінез-құлқындағы алаңдатарлық белгілерді дер кезінде байқап, қажетті шараларды қабылдауға көмектесу. Сонымен қатар туынды жасөспірімдерге өз әрекеттерінің салдары туралы ойлануға және жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік береді.
Деректі драмада өмірде кездесетін өзекті мәселелер мен олардың салдары көрсетіліп, отбасы ішіндегі сенімді қарым-қатынас пен ашық диалогтың маңыздылығына ерекше назар аударылған.
Мамандардың айтуынша, кей жағдайда қарапайым әрі шынайы әңгіме адамды қателіктен сақтап қалуы мүмкін. Ал кейбір жағдайларда мұндай әңгіменің әсерін фильм арқылы жеткізуге болады.
Ішкі істер министрлігі ата-аналарды фильмді балаларымен бірге көріп, көтерілген мәселелер бойынша ашық пікір алмасуға шақырады.
https://www.instagram.com/reel/DZZgQmLKclE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==



