
Бүгін аудан әкімдігі мәжіліс залында Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Сағынбекұлы Әшірбековтің қатысуымен өңір әкімдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Жиынға аудан әкімдерінің орынбасарлары Таңат Талғатұлы Нұрмағанбетов, Қанағат Батырбекұлы Назарханов, Жандос Айтбайұлы Салиев, сондай-ақ ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты.
Кездесу барысында өңірдегі бейнебақылау жүйелерінің қазіргі жай-күйі талқыланып, олардың тиімділігін арттыруға бағытталған өзекті мәселелер қаралды. Қатысушылар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бейнебақылау жүйелерінің рөлін атап өтіп, олардың жұмыс сапасын жақсарту, техникалық мүмкіндіктерін кеңейту және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.
Тараптар қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.
https://www.instagram.com/p/DZZwTzJDGAo/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==



