
2026 жылғы 10–14 маусым аралығында өтіп жатқан «Жалған нөмір» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жетібай – Шетпе автожолында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып көлік басқарған жүргізуші анықталды.
Тексеру барысында көлік құралына орнатылған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні белгілі болды. Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерге көлік құралдарын пайдалану кезінде заң талаптарын қатаң сақтауды және жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдаланудың жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.
https://www.instagram.com/reel/DZZ7Ey-tHbT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==



