
АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов тұрғындармен кезекті жеке қабылдауын өткізіп, азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де өзекті мәселелерін тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындар негізінен тұрғын үй, инфрақұрылым, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек және жол мәселелерін көтерді.
Кездесу барысында әрбір өтініш иесінің мәселесі жеке қаралып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Кейбір сұрақтар сол жерде заң аясында түсіндіріліп, бірқатары бақылауға алынды. Серік Үсенұлы тұрғындардың өтініштері назардан тыс қалмайтынын, көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.
Сонымен қатар, қабылдау барысында азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау тетіктері жөнінде кең көлемде ақпарат берілді. Жауапты бөлім басшылары тұрғындардың өтініштерін орындау мерзімі мен нәтижесі бойынша есеп беретін болды.
Қабылдау соңында аудан басшысы халықпен тікелей байланыс орнатудың жергілікті атқарушы органдар жұмысының басты бағыты екенін, тұрғындарды алаңдатқан әрбір мәселе тұрақты бақылауында болатынын айтты.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі



