
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Валентина» шаруа қожалығының басшысы Кинько Иван Михайловичтің жетекшілігімен Воронеж ауылдық округін көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Придорожное ауылының Солнечная және Центральная көшелеріне 25 түп терек көшеті отырғызылды.
Мұндай бастамалар елді мекендерді абаттандыруға, қоршаған ортаны сақтауға және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға зор үлес қосады.
Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ «Валентина» шаруа қожалығына және жеке өзі Кинько Иван Михайловичке белсенді азаматтық ұстанымы, экологиялық бастамаларды қолдауы және туған өлкенің дамуына қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді.



