Ақтауда NAIZA 84 турнирі аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілді

    mvd-mangystau·
    Ақтауда NAIZA 84 турнирі аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілді

    Ақтау қаласында өткен NAIZA 84 турнирі барысында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрғындар мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізді.

    Іс-шара барысында қатысушыларға есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымының құқықтық салдары түсіндіріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ арнайы ақпараттық брошюралар таратылды.

    Профилактикалық іс-шараға Маңғыстау облысы ПД Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының қызметкерлері де қатысып, тұрғындармен және жастармен түсіндіру әңгімелерін өткізді. Кездесулер барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарын орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау.

    https://www.instagram.com/reel/DZXgNEJo7v3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.